"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Қыздарға әсемдік жарасады.

05.03.2020 ж.

Білектей арқасына өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін? –деп Абай атамыз жырлағандай

Қыздарға әсемдік не береді?  Оларға тән сұлулығымен шектеліп қоймай жан сұлулығына әсемдік береді. Адамгершілік, сыпайлық салт-дәстүрімізді сақтай білгенде ару қыздарымызға әсемдік, сұлулық береді. Бұрын қазақ қыздарының шаш өруі, әдемілігі бүкіл әлемге әйгілі болған.Қазақ қоғамында әйел-ананың алар орны ерекше.  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қыз баланың бойына әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру. Қыз балаларды әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында №2 ОҒӘК-ның оқу зал бөлімінде  «Қыздарға әсемдік жарасады» атты жас аналармен пікір алмасу  өтті.

        

Іс-шарамыздың қонақтары осы қаламыздың ең жас аналар Жүсіпбекова Данагүл Ғалымқызы- жас кәсіпкер, Ермағанбетова Марал Әскербайқызы-  жаны нәзік, әдемілікті сүйетін, қалалық «Әң әдемі келіншек»  байқаудың қатысушысы, Мырзагалиева Нұрсая Әбдікәрімқызы- ұстаз, екі қызыздың анасы, Жарасқанова Ақмарал Сұлтанбекқызы- жас кәсіпкер, сән салонының кеңесшісі.

      

Қыз мінезімен көрікті болатындығын жөнінде, әдемі шаш өсіруде оңай емес, шашты жақсы өсіру үшін оны жиі жуып, тарап, күту қажет екендігі туралы  бірнеше пікірлерді тыңдай отырып, сұлулықты қыз баланы  бойына дарыту үшін, болашақта қауіптенеміз, болашақта нені мықтап қолға аламыз деген сұрақтарға да жауап іздеп көрдік. Жақсы киінумен қатар өзіңнің сырт келбетіңді толықтырып, киіміңе үйлесіп тұратындай бояна білу де керек. Яғни сәндік бояулар жөнінде әңгіме де талқыланды. Кеш соңында әсем әндер орындалып, «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, гүл шоқтары табысталды.

 

Қаракөздеріміз бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдылығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене білсе екен дейміз. Әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз!