03.03.2020 ж.
Арқалық қаласындағы № 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханамыздың ұйымдастыруымен «Сәби - Арқалық» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің қазыналы қарттарымызға алғысымызды білдіру мақсатымызда «Тағдырды тоғыстырған татулық » атты өнеге сағаты өтті.
Алғыс айту күні-Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, басқа түскен ауыртпашылықты бірге көтере білді. Сондықтан Алғыс айту күнін тарихқа тағзым ету деп түсінугеде болады. Бүгін Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында еңбек етіп, маңдай терін төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Ақпараттық сағатында әжелер мен аталарымыз бір-біріне алғыстарын, жүрекжарды тілектерін, лебіздерін айтып, ризашылықтарын білдірді.
Қарттарға арналған алғыстарымен бірге Жолдыбай Нұрсұлтан, Амандық Бейсенбай, Рахат Сейтбекұлы, Берекетова Балнұр студенттеріміз әсем әндерімен шашу шашса, ал Мақсұтқан Үздік, Жақсығұлова Бейбінұр, Арықбай Маржан студент қыздарымыз өлең жолдарымен жыр шумақтарын арнады.
Кеш соңында мекеме мүшесі Ахметқали атамыз жақсы тілегін жеткізіп, кітапханамызға алғысын білдіріп, аталарымыз жас ұрпаққа баталарын берді.
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/675-ta-dyrdy-to-ystyr-an-tatuly.html#sigProId3052cc19eb