"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Әлем таныған ұлы Абай»

27.02.2020 ж.

Қаламыздағы қазақ жасөспірімдер театрында ақын Абай Құнанбайұлының  175 жылдық мерейтойының ашылу салтанаты болып өтті. Бұл іс-шараға біздің кітапханамыз арнайы дайындалған «Әлем таныған ұлы Абай» тақырыбындағы кітап көрмесін ұйымдастырып қала тұрғындарына насихаттап, шолу жасады.

Елбасымыз Қ.Тоқаев: «Рухани жаңғыру жобасының ең негізгі жолы Абай мұрасы болуы тиіс, келешек ұрпаққа Абай мұрасын насихаттау, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп  жалғасын табатын ұлы іс болмақ» деген болатын.

Көрменің мақсаты: ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын естен шығармай, көңілге түйіп, бойтұмардай сақтау болып табылады.

Көрмеде ақынның шығармашылығымен қатар  З.Ахметова «Абайдың ақындық әлемі», С. Бақтыгереева « Абайды оқы, таңырқа...», Н. Анастасьева «Абай: тяжесть полета» сынды  Абай танушылардың еңбектері ұсынылды. Кітап көрмеде ақынның негізгі жинағы «Қара сөздері» басты назарда болды.

Оқырмандарды өз кезегінде Абай сусындаған туындылармен таныстырдық.     Ол -әлем әдебиеті, Лермонтов, Пушкин, Крылов сынды  орыс классиктерінің шығармалары. Абай Құнанбайұлы орыс жазушыларының еңбектерін қазақшаға аударып, қазақ халқына орыстың ұлы жазушыларының еңбектерімен сусындауға мүмкіндік берді.

Әрине Абайды танытудағы ең бірінші шығарма – ол Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы. Данышпан Абайдың, жас Абайдан хәкім, дана Абайға дейінгі өмір кезеңін қамтитын бұл шығарманың  қазақ әдебиетінде маңызы зор. «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классикасының шырқау шыңына шықты .

Күні бүгінде ұлы кемеңгеріміздің шығармашылығы шет елдерге дейін танылып отыр. Қаламгеріміздің еңбектерін оқып, өзге тілдерге аударып, көптеген ақын- жазушылар рухани қуат алуда. Өскелең ұрпақ үшін Абай мұрасы өлмес өнеге.

Ақынның өмірі мен шығармашылығы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие, рухани қазына, үлгі болмақ.

Атаулы көрме жыл бойына жұмыс істейтін болады.