"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Чеховские рассказы» Орыс жазушысы Чеховтың 160 жылдығына арналған әдеби кеш

         Библиоплюс жобасы аясында «Раушан» балабақшасының қызметкерлерімен  орыс жазушысы Чеховтың 160 жылдығына арналған  «Чеховские рассказы» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.

        

         А.П Чехов – халықтың сүйікті жазушыларының бірі, ұлт мақтанышы. Чеховтың өр тұлғасы халықты рухани байлық, жан-дүниесінің нәзіктігі мен батылдық, ерік-жігерінің үйлесімділігімен таң қалдырған.

        

         Кеш барысында  жүргізуші Чеховтың қысқа әзіл-оспақ әңгімелерін оқып өтті. Оның шағын әңгімелерінің өзі үлкен туындыға татырлық мәні бар. Оларда азап, қиын тағдыр да, махаббат та, әзілде бар.

         Әдебиетте А.П Чехов алғашқы әіл-оспақ шеберіне айналды. Тіпті үйінде қонақтар болған кезінде де Чехов жазуын тоқтатқан емес. Оның шығармашылығы жанына рахат сыйлайтын еді, бір сәт те шаршатқан емес. Батыл, әрі шыншыл, ұяң, керемет жұмсақ мінезді, білімді, қашанда көңілді әрі мейірімді  - ол өмірде  үнемі осындай болатын.

Бар өмірін жазылмас дертпен алпарысып өткізсе де еш уақытта мойымаған жазушы өмірінің сонына дейін жазудан бас алмай  артына  мол мұра қалдырған. Өлім жайлы, өзінің ауыр сырқаты жайлы тіпті ойламайтында.

         Чеховтың керемет туындылары оқырманды адами қасиеттерге тәрбиелейді. Оның еңбектері өмірді түсінуге, талпынуға, алдыңда мақсатың болмаса өмірдің шынайы еместігіне үндейді, өз мақсатыңа жетуге күш-жігер берері анық.  Осындай жазушыларды насихаттау арқылы оқырмандарымыздың рухани жан-дүниесін  байытып, отансүйгіштік, патриоттық тәрбие береміз.

         Іс-шара барысында слайдтар, бейнебаяндар тамашаланып, жазушының кітап көрмесіне шолу жасалды.

Барлығы 23 адам қатысты.