"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Жыл кітабын бірге оқиық!

31.01.20 ж.                            

ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының, ҚР кітапханашылар Ассоциациясының бастамасымен 2007 жылдан бері «Бір ел-бір кітап» акциясы  өткізіліп келеді.

Мақсаты: қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамды оқуға деген қызығушылықты арттыру. «Бір ел-бір кітап-2020» республикалық акциясы аясында жыл кітабы - Мұхтар Әуезовтің  «Абай жолы» романы және  Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты туындылары  таңдалып алынды. «Абай жолы» эпопеясы қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтерген үздік туынды. Бұл романның оқиғаларды тізбектеп сипаттауына да, эстетикалық талғамы мен көркемдік қуатына да жететін шығарма жоқтың қасы.  Егер «Абай жолы» эпопеясының барлық кітаптары қазақ халқының жарты ғасырлық өмірін сипаттаса,оның әрбір кітабы Абайдың рухани – адамгершілік жетілуіне белгілі бір кезенің бейнелейді. 

Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы – бізді орта ғасыр дәуіріне жетелейді. Оқиғалар орта Азия мен Таяу Шығыс қалаларында өрбиді. Бұл жерде шығарманың басты кейіпкері, терең ақылы және кең білімі үшін екінші ұстаз атанған Әбу – Насыр әл – Фараби. Осыған орай  біздің облыстық № 2 ғылыми әмбебап кітапханасының оқу залы  мен  Арқалық қаласы  «Сәби-Арқалық» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің мүшелеріне, акция аясында ақпараттық сағаты  өтті.  Іс-шара барысында  кітапханашы Рахметова М.А. оқырмандарға  акция  тарихы мен мақсатын түсіндіре отырып биылғы 2020 жылдың   туындыларын  оқуға шақырды. Іс-шара соңында оқырмандар Ұлы Абайдың өлеңдерін оқып әндерін шырқады.  Байжумин Хамитжан аға  жанды дауыста Абайдың  «Көзімнің қарасы» және «Желсіз түнде жарық ай»  әсем әндерімен көпшілікті тәнті етті. Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!