"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ұлттық руханияттың күретамыры»

05.02.2020 ж.

        

Арқалық қаласындағы Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімінің ұйымдаастыруымен, қазақ әдебиетінде абыройлы орны бар, қазақтың белгілі жазушысы, драматург, журналист, М. Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Сәбит Досановтың 80 жасқа толуына орай «Ұлттық руханияттың күретамыры»  атты әдеби кеш  өтті.

 

Іс-шара  барысында алаштың ардақтысы Сәбит Досановтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтер баяндалды.

 

Мақсаты: жас ұрпақты ақын, жазушы Сәбит Досановтың өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, шығармашылық мол мұрасын  насихаттау, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

 

Күні бүгінге дейін 25 том көлеміндегі көркем шығармалары жарық көрген жазушы жерлесіміз, көрнекті суреткер Сәбит Айтмұхамбетұлы Досанов 1940 жылы 12 қаңтар айында Аманкелді ауданы, Байғабыл ауылында дүниеге келген. С.Досанов прозасындағы шырғалаң тағдырлар жазушының өз өмірінде көзімен көрген, көңіліне түйген түйінді ойлары мен сол ой таразысынан еленіп шыққан қорытынды, қорытпа пікірлерінің шығармаларында берілуі, суретттелуі десек қателеспейміз.

 

Кешімізге қаламыздағы Торғай гуманитарлық колледжінің және де АрқМПИ-ның студенттері қатысып,  Жаңбыршы Роза арнау өлеңін, Әлім Аружан, Балғабай Айым көркем шығармаларымен, Кукатенко Карина романдары жайлы баяндап өтті. АрқМПИ-ның студенті Ерғазы Еркін қаламгердің  «Арман көп аз өмірім жетерме» атты өлеңін мәнерлеп оқып ерекше жеткізе білді. Студенттеріміз  жазушымыздың  өлеңдері мен романдарынан үзінділерін оқып, ұлы тұлғамыздың өмірбаяны айтылып, сонымен қатар «Тұлға»  бейнебаяны оқырмандар назарына ұсынылды. Сондайақ кешіміз  Жолдыбай Нұрсұлтан мен Бейсенбай  Амандықтың ән шашуларымен  көрермендерге жағымды көңіл күй сыйлады.

 

Дара дарынымыздың жазушылық өнерімен сусындап қана қоймай ақындық қасиетінен туындаған шығармаларыменде таныс болдық, жәнеде ең үздік еңбегі  өмір шындығынан алынған «Жиырмасыншы ғасыр» романына тоқталып, үзінді бейнебаян тамашаланды.  Сәбит Досановтың  мол мұрасын насихаттау мақсатында электрондық презентация  арқылы кітап көрмемен  таныстырдық, көрмеде ақынның көп томдық еңбектері ақын жайлы зерттеулер мен жеке жинақтары оқырмандарға таныстырылып өтті.

 

Тарихта қалған тарландар өмірі біз үшін үлгі. Қазақтың қазыналы тілінің бір пұшпағын илеген талай ақын-жазушыларымыз сөз маржанының қандай болатынын қарға тамырлы қазаққа дәлелдеп айтып кетті. Өмір атты теңізде қолдарына қалам алып дүние сырына тоймай тамсана жазған талай дана адамдар болды. Осындай ұлы тұлғалардың еңбегінің алдында бас иіп ұрпақтан-ұрпаққа ұлылықты дәріптеу біздің міндетіміз, осы орайда біз осындай игі іске түйірдей болсада атсалысқанымыз үшін қуаныштымыз.

 

Іс – шара соңында әсем ән шырқалып, кешіміз өлең жолдарымен қорытындыланды. Әдеби кешке қатысушылар өздеріне рухани байлық алып, жазушы Сәбит Досанов жайлы көптеген деректермен таныс болды.  Келешек ұрпақ өз даналарын мақтан тұтады, мәңгілікке есте сақтайды.