05.12.2019 ж.
Тұрмыстық теңдікті сақтау-өмірдің бұлжымас қағидасы. Алайда, өмір ағымында түрлі келеңсіздіктердің салдарынан құқық бұзушылықтардың болып жататыны ақиқат.
Көбінесе тұрмыстық зорлық-зомбылықтан әйел адамдары зардап шегеді. Сондықтан, нәзік жандылардың отбасындағы рөлі жөнінде және қыздарымыздың құқықтары мен қауіпсіздігі жайында түсінік беру мақсатында «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын!» деген тақырыпта пікірталас болып өтті. Пікірталас барысында ата-бабамыздың «Қыз-қонақ», «Әйел-аманатың» деп анасын, апа-қарындастарын аялап, құрметтеп өткендігі, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп отырған әйел-аналардың, желкілдеп өсіп келе жатқан қыздарымыздың құқықтары мен қауіпсіздігі біздің қоғамда заңмен қорғалатындығы және адамгершіліктен жұрдай, мейрімділіктен шет қалған кейбір безбүйректерді қатаң жазалау қажеттігі туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ. «Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен туындайды», « Әрбір тұлғаның санасына да байланысты», «Адамның қошаған ортасына да әсер етеді» деген пікірлерде айтылды. Бұл іс-шараға «Жалын» клубының мүшелеріде белсенді ат салысты.