14.11.2019 ж.
Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасындағы оқу залының ұйымдастыруымен «Ұлттық теңге – мемлекеттің келбеті» атты интелектуалдық сайыс өткізіліп, көрме ұйымдастырылды.
Іс шара барысында студенттерге, тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттық валютаның Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы екенін және шығу тарихымен таныстырылды.
Осы іс-шараға Арқалық қаласының Мемлекеттік Педагогикалық Институтының Қазақ тілі әдебиетінің 1 курс студенттері қатысты.Оқырмандарға сұрақ қойылып, олар өз ойларын ортаға салып,сайысымызға белсене ат салысты. Бұл іс шарамыздың мақсаты: Қазастанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып,сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменнен байланысты оқырмандардың мүмкіндігін дамыту. Туған жеріне, отанына сүйіспеншілігін ояту. Еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта – ажырамас ұғымдар. Ал теңгеміздің орнықты болуы, сонымен қатар, қаржы саласының тұрақты болуы тәуелсіздігімізді арттыра түсетіні хақ.Біз әлі жас мемлекетпіз. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтпақпыз.
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/626-ltty-te-ge-memleketti-kelbeti.html#sigProId1454d0231e