"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Кітапхана баспа өнімдерін дайындау»

  31.10.2019 ж.         

 Бүгінгі кітапхана – бұл тұрғындарға білім жады мен білім көзің сан алуан ақпараттар қызметін жеткізу жолдарын тұрақты түрде жаңартып тұратын кешен. Облыстық  № 2 әмбебап ғылыми кітапхана  қаламыздың мәдени мұрасын дамыту мен сақтап қалудағы ақпараттық орта. 31 қазан күні әдістеме-библиография бөлімінің ұйымдастыруымен «Кітапханада баспа өнімдерін дайындау» тақырыбында аймақтық зерделі кеңес өтті.

Аймақтық зерделі кеңестің мақсаты: халқымыздың әдеби мұрасын зерттеп, рухани мұраны сақтау мақсатында кітап мәртебесін  көтерумен бірге, елімізде болып жатқан әрбір оқиғалардың насихатшысы екендігімізді  көрсетуіміз керек. Кітапхана ісінің әдістемелік жұмысы бойынша  теориялық білімді нақтылау, іс жүзінде қолдана білу негізінде ұйымдастыру.

Зерделі кеңеске  Аманкелді аудандық және Арқалық  қаласындағы  орталықтандырылған кітапханаларының кітапханашылары қатысты. Кеңесте  облыстық  № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының директоры  Борибаева Қазына Байсабекқызы  ашып, кеңеске бяндамамен келген әріптестерімізбен жалғасын тапты. «Әдістемелік құралды құрастыру» Бірмағамбетова Жансая Аманкелді ОКЖ әдіскері, осы тақырыппен Досова Ажар Арқалық ОКЖ әдіскері, «Библиографиялық өнімді құрастыру»  Аубакирова Алтын Аманкелді ОКЖ библиографы, «Библиодайджест» баспа өнімнің құрастырылуы Альмаганбетова Айгерим № 2 ОӘҒК бағдарламамен қамтамасыз ету маманы. № 2 ОӘҒК директоры бастаған «Баспа өнімнің құрастырылу ережесі мен рәсімделуі» атты іс-тәжірибе бөлісу жүргізілді, кітапхананың әдістемелік–библиография бөлімінің меңгерушісі Ахметжанова Асем және Сейтқожина Гүлнар № 2 ОӘҒК библиографы қолға алып, келген әріптестерімізге кітапханада шығарылып жатқан барлық баспалармен таныстырып, құрылымы жайлы ережелерін айтып өтіп іс-тәжірибе бөлісті. Кеңес сонында, әдістеме библиография бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген,  2019 жыл – Жастар жылына орай «Жастар таңдайды»  жобасы аясында видеороликтер байқауына қатысқан жас мамандарды марапаттау рәсімі болды. "Ең үздік видеоролик" номинациясы бойынша  Серік Нұрсұлтан мадақтамасымен сыйлығы табысталып, № 2 ОӘҒК кітапханашылары Серикова Нургуль мен Тұрсынғалиева Ханзада және Арқалық ОКЖ кітапханашысы Дүйсенбаева Қырмызы қатысқанадары үшін алғыс хатпен марапатталды.

Кеңестің тақырыбына байланысты кітапхана қызметкерлерінің шығарылған баспа өнімдерінен «Кітапхана–білім мен ақпарат қақпасы» тақырыбында көрме ұйымдасытырылды.