"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ұлттық теңге-тәуелсіздіктің белгісі»

14.11 2019 ж.  

«Ұлттық теңге-тәуелсіздіктің белгісі».

15 қараша ұлттық теңге күні

Ақпараттық сағат

          

Абонемент бөлімі «Библиоплюс» жобасының аясында ұлттық теңге күніне орай қаламыздың педагогикалық колледжінің жатақханасында  «Ұлттық теңге-тәуелсіздіктің белгісі» тақырыбында ақпараттық сағат  өткізілді.                                                                               

Мерекелік іс-шараға АрқМПИ студенттері, топ жетекшілері, тәрбиешілер, колледж әдіскерлері мен жатақхана меңгерушісі Саржанова Э.К. атсалысты.

Мақсаты: Ұлттық теңгенің тарихымен таныстыра отырып, санамызға сінген салт– дәстүріміздге, өз тарихымыз бен рәміздерімізге құрметпен қарайтын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, жастарға патриоттық тәрбие беру.

Іс-шара барысында ұлттық теңгеміздің құндылығы жайлы айтылып, тарихына көз жүгірттік. 1993 жылдың қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шығып, 15 қараша күні теңге ресми айналымға енген болатын. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау сол жылдың 15 қарашасы күні таңғы 8.00-де басталып, 20 қараша күні 20.00-де аяқталған еді.  1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді. Бұл күн төл теңгеміздің туылған күні болып белгіленді.

Теңге тарихын кеңінен қамту мақсатында бейнебаяндар тамашаланып,  ұлт зиялылары бейнеленген алғашқы ақшаның түрлері көрсетілді. Көне ақша түрлерімен қазіргі жаңа үлгілері салыстырылып, банкноталар және монеталар жайлы мәліметтер студенттер назарына ұсынылды. Сонымен қатар аз мәліметпен шектеліп қалмай мерейтойлық монеталар түрлері, валюта  шығарылатын қалалар мен фабрикалар, алғашқы қағаз ақша шығарылған қала жайлы мол деректер айтылып оқырмандардың валюта жайлы білімдерін толастырдық десек болады. Теңге тарихынан бастау алған іс-шара «Ұлттық теңге-тәуелсіздіктің белгісі» тақырыбындағы кітап көрмесімен жалғасын тапты, студенттерді көрмемізбен таныстырып, жаңа кітаптар легі оқырмандар назарына ұсынылды. Көрмені таныстыру барысында кітапхана қызметкері Жақия Г.К Елбасы Н.Назарбаевтың «Казахстан жолы» кітабына ерекше тоқталып өтті, бұл жинақтың төртінші бөлімі «Ұлттық теңге-тәуелсіздіктің белгісі» деген атаумен беріліп, ұлттық теңгеміздің тарихына, қиында қызықты қалыптасу кезеңдеріне арналған.

Ақпараттық сағатының соңында викториналық ойын ойнатылып студенттерге валюта жайлы сұрақтар қойылып, дұрыс жауаптар жетондармен бағаланды, көп жетон жинаған студенттер арнайы сый-сиапаттармен марапатталды.

Қатынасқан адам саны - 35