"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Әдебиеттің заңғар тұлғасы

ҚР кітапханашылар Ассоциациясының  бастамасымен 2007 жылдан бері «Бір ел - бір кітап» акциясы –өткізіліп келеді. «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша 2019 жылы таңдалған Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» және  Ә.Тәжібаевтың шығармаларына «Дара тұлғалардан қалған мол мұра» атты еліміздің танымал жазушыларының шығармаларын оқуды ұсынды.

         Осы акция аясында мемлекет және қоғам қайраткері,дара тұлға абызымыз Әбіш Кекілбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай  ұйымдастырылған «Әдебиеттің заңғар тұлғасы» атты еске алу сағаты болып өтті.Мақсаты – Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып өнегелі өмір жолы  мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру, оқырмандардың эстетикалық сезімін ояту, туған халқымыздың әдебиетін тереңірек тануға, сүюге, қадірлей білуге тәрбиелеу. Шара барысында Ә.Кекілбаевтың Өмірбаяны, шығармашылығы, «Аңыздың ақыры» романы туралы баяндама оқылып,бейнесюжет көрсетіліп,жұртшылықтың назарына ұсынылды.

         Іс-шарамыздың қонағы  қаламыздың құрметті ақсақалы Ә. Кекілбаевтың көзін көрген Ахметжанов Рауль Қамбарұлы Ә.Кекілбаев жайында естеліктерін айтып, «Аңыздың ақыры» романы жайында ой – пікірін ортаға салды және оқырмандарымыз Политехникалық колледждің 3- курс студенттері белсене қатысты. «Әдебиеттің заңғар тұлғасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.