21.10.2019. ж.
Ұлтымыздың мұрагері – иманды ұрпақ
Дәл осындай тақырыпта өнер бөлімшесінің ұйымдастыруымен жастар арасында пікірталас өтті. Ортаға, талдануға берілген сұрақ: «Жастар және дін: рухани қажеттілік пе әлде сән бе?
Іс-шараның басты мақсаты – бүгінгі күннің өзекті мәселесі, жастардың дінге деген көзқарасы және пікірі болып табылады. Осы тақырыпты ашу барысында пікірталасқа қаламыздың «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы - Бектұрсын Торғайбайұлы, Арқалық педагогикалық институтының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесінің директоры - Роман Аймағамбетұлы, Арқалық қаласындағы облыстық «Қостанай таңы» газетінің меншікті тілшісі – Мұрат Жүнісов, қаламыздағы «Жастар ресурстық орталығының» директоры – Аманкелді Серікұлы, «Жас Отан жастар қанатының» төрағасы – Жандос Ерғазыұлы сынды құрметті қонақтар арнайы шақырылды. Сұрақ өте қызу талқыланып, бүгінгі ұрпақ және алдыңғы буын өкілдері арасында ашық әңгіме, тәрбиеге толы сұхбат өтті. Мысалы, Бектұрсын имам өз сөзінде, жастарға үлгі болар тәлімді ойларымен бөлісті, ал ұстаз ағамыздың пікірі бойынша, адам рухани бай болу үшін, білімді, иманды, мәдениетті болу керек екенін басып айтты. Жастар атынан Аманкелді Серікұлы, Жандос Ерғазыұлы, Батырлан Сағынтаев, Рауан Абдуллажанұлылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық жеткізді. Пікірталас өз мақсатына жетіп, жастардың ойы бойынша дін дегеніміз, бұл рухани қажеттілік деген ой түйінделді. Іс-шараға Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері, ұстаздары атсалысты.