"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Сыры терең сымбаты бөлек сабаз еді

09.10.19 ж. 

Жазушы, аудармашы, драматург Мұхамеджан Дүзеновтың туғанына 95 жыл 

Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханамыздың абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен 21 қазан күні жазушы Мұхамеджан Дүзеновтың туғанына 95 жыл толуына орай іс – шара өткізілді.

Мақсаты: оқырмандарды жазушының өмір жолымен таныстыру және шығармаларын насихаттай отырып, оқырмандардың рухани жан дүниесін байыту.

Торғай даласы асқақ ақындар мен жазушылар жері.Осы өңірдің тумасы, жазушы,аудармашы, драматург Мұхамеджан Дүзенов 1924 жылы 18 қазанда қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған.1942 жылы Аменгелді орта мектебін бітірген.1952 жылы М Горький атындағы Әдебиет институтын тамамдаған соң, Қазақ радиосында істеген. 1960 жылы Қазақстан жазушылар одағының аппаратына ауысып,  әдеби кеңесші, бас редактор секілді жауапты қызметтерде болған.

Алғашқы әңгімелері 1949 жылдан баспа бетінде жарқ көре бастады.Бірнеше повесть, роман, драмалық шығармалары дүниеге келді. «Ақ әже», «Ұзақтың жолы», «Әке болғым келеді», «Тілектестің тұяғы», «Ант» атты  романдары оның суреткерлік қарымын танытып, әдебиеттегі орнын айқындап берді.Жазушының  көркем проза саласындағы «Ақ әже» атты шығармасы.Соғыс жылдарындағы ауыл өмірі суреттелген.Ол шағын ғана бір ауылдың тіршілігі арқылы тар кезеңдегі тайғақ тағдырлары мен уақыт тынысын, өмірдің шалқар шындықтарын таныта алды. Мұндай көркем әдебиетіміздің дара тұлғаларын насихаттаған іс-шаралардың жастарымызға берер мұрасы да маңызы да зор демекпін.