"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Президент жолдауы-ел дамуының кепілі»

 10.10.2019 ж.

«Президент жолдауы-ел дамуының кепілі»

 

    2019 жылдың қазан айының 09 күні сағ.12 .00 де Арқалық қаласындағы № 2 Облыстық  әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залында  Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан Халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын ақпараттық-түсіндіру мақсатында қаламыздағы Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін орта мектебінің  11 сынып оқушыларына  «Президент жолдауы-ел дамуының кепілі» атты көрмеге шолу өткізілді. Оқу залының менгерушісі Л.Исабекова көрмеге жалпылама шолу жасап, осы жолдау арқылы еліміздің бағыттары айқындалып, болашақ жоспарлардың құрылуына бастау болатындығын түсіндірді.

    Шолу барысында оқушылар еліміздің бірлігімен тұтастығының арқасында алға қойған мақсаттар мен армандардың орындалатындығына сенімді екендігін білдірді. Кітапханамызда жолдау барысында бірнеше мәдени әрі рухани іс – шараларды апта сайын өткізіп тұру үрдіске айналуда.