"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
26.09.2019 ж.«Қазақ әдебиетінің үш бәтерегіне – 125 жыл»

Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі. Ұлттық санамыз сілкініп, саяси ой - өрісіміз өрлеу жолына түскенде біздің кім екенімізді, ата - бабамыздың қандай болғанын, кең байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап, қалай қастерлегенін, тегіміздің мызғымас мықты екенін ұрпаққа ұғындырып, келер ұрпаққа мирас етіп қалдыру жолында жанын пида еткен алаш ұлдары аз емес. Солардың бірегейі, әдебиетіміздің үш бәйтерегі атанған үлы тұлғалар-Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин. Тәуелсіздікті ту еткен қазақ халқы осындай ағаларымызды мақтан тұтамыз. Қазақ халқының ұлттық әдебиетінің қалыптасуы мен елдің қоғамдық өмірінің дамуына үлкен үлес қосқан, өздерінің жазған түрлі тақырыптағы шығармаларымен адамдардың жаңа заманға сай, сауатты болуына, ой-өрісінің өсуіне ықпал еткен, елді оқуға, білім алуға шақырған, үшеуі де үш бәйтерек сынды қатар өсіп, туған елі үшін еткен еңбектерімен шырқау көкке көтерілген, халқының болашағына жол сілтеген асыл перзенттері, 1894-1938 жылдар аралығында қатар өмір сүрген Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин мен Ілияс Жансүгіровтер болды.

Биылғы жылы «Үш бәйтерегіміздің» туғанына 125 – жыл толуына байланысты балалар әдебиеті бөлімінде «Қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі» атты үлкен кең көлемде танымдық ойын өтті.  Бұл іс-шараға Ыбырай Алтынсарин атындағы  7 «А», 7 «Ә» сыныбының оқушылары  белсене атсалысты. Іс-шарамыз өте қызықты өтті.

Оқушылар үш топқа бөлінді.

1 – «Сәкен» тобы 

ІІ. 2 – «Ілияс» тобы 

ІІІ. 3 – «Бейімбет» 

 1 – кезең. Төсбелгісі, ұраны, сәлемдесуі   

2 – кезең. «Нені оқыдым, кімді білемін?» ( өз ақындары туралы не біледі, соны өз іс – әрекеттерімен жеткізу).

3 – кезең. «Қай топ жылдам?» Сұрақ – жауап ( оқушылардың есте асқтау қабілеті қандай екенін бағалау). Әр топқа 4 сұрақтан береміз.

4 – кезең. «Шығармашылық – шыңға бастау алар» Әр топқа өз ақындарының өлеңдерін оқимын. Суретке бейім оқушы ғана сол оқыған өлеңді суретпен бейнелеп береді.

1 – «Сәкен» тобы « Анаға хат» өлеңінен үзінді

ІІ. 2 – «Ілияс» тобы «Күйші» өлеңінен үзінді

ІІІ. 3 – «Бейімбет» « Уа Ыбыраймыз» өлеңінен үзінді

5-кезең

Өлеңдерінен мәнерлеп оқу

Танымдық ойынның соңында әр топ басшылары өз мүшелерінің бағаларын талдап айтып, қай топ қандай орынға лайықты екені сараланды. Орын алған топтар да және топ мүшелері қабілеттеріне қарай мақтау қағаздармен марапатталады.