"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Поэзия патшайымы.

02.10.2019 ж.

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықты махаббатына бөлеген қазақтың біртуар ақын қызы, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, журналист, әдебиеттанушы-сыншы, қоғам қайраткері  Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай оқу залы бөлімінде  "Поэзия патшайымы" атты поэзия кеші болып өтті. Кештің мақсаты: қазақ халқының біртуар ақын қызы Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға тереңдете таныстыру. Оқырмандарымыздың поэзия әлеміне, сөз өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Кеш шымылдығы позия падишасы атанаған-Фариза Оңғарсыңованың «Жыр –менің планетам» атты шығармасымен ашылды. Шара барысында ақын апамыздың өмір жолы мен шығармашылығы туралы баяндалып,  экраннан бейнероликтер көрсетілді.  Кешке қатысқан оқырмандарымыз ақын Фариза апамыздың жыр жауһарларын мәнерлеп оқыса, «Жалын» клубының мүшесі Умурзаков Ерасыл  Фариза апасына  өзінің жүрек жарды арнауын арнады. Кеш соңында «Өлең- мен сені аялап өтем» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.