"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
« Әлемнің әміршісі - еңбек»

30.09.2019 ж

2013 жылдан бастап Елбасының Жарлығымен Қазақстанымызда осы қыркүйек айының  соңғы жексенбісі «Еңбек күні»  болып жарияланды.  Осы еңбек күніне байланысты  қаламыздағы «Арқалық -сәби» қоғамдық бірлестігі және оқу залының ұйымдастыруымен  «Әлемнің әміршісі-еңбек» атты  еңбегінің зейнетін көріп отырған еңбек адамдарымен  кездесу кеші өткізілді.

Осы шараның мақсаты:  еңбек адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Еңбек дағдыларын қалыптастыру, еңбекке деген көз қарастарын дұрыс тәрбиелеу.  Оқырмандарға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру. Студенттерді адал еңбекке баулу, кәсіптік білім беру.  Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.

 Іс-шараға Арқалық медицина колледжінің 1-курс студенттері қатысып, әр-түрлі мамандық  иелерімен  сұхбаттасты. Сұхбат барысында аже-аталарымыздың еңбектерін қай жастан, қай кезден бастап, қаншама жыл жұмыс жасағандарын айтып, әр мамандық иелеріне еңбек туралы сұрақтар қойылып, жастарымызға ақсақалдарымыз ақыл- кеңестерін берді.Кітапханамыздың оқырманы Өмірзақов Ерасыл өзінің жүрек жарды арнауымен кешімізді аяқтады.