"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Мемлекеттік тіл — менің тілім» сайыс

2019 жылдың 27 қыркүйегінде Тілдерді дамыту орталығы "Қазақстан халықтарының тілдері күні" мерекесіне орай, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесін, маңызын насихаттау, оқуға деген қызығушылығын және білім деңгейін арттыру мақсатында  мәдениет қызметкерлері арасында " Мемлекеттік тіл-менің тілім" атты қалалық байқауы өткізді. Байқауға қаланың бес мәдениет ұйымдарынан 5 үміткер қатысты. Біздің кітапханадан байқауға абонемент бөлімінің кітапханашысы Жақия Гүлназ қатысып, сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынға ие болды. Байқау тапсырмалары:" Таныстыру"," Мақал-мәтелдер", "Даналық сөзден дән ізде", "Көңілден шыққан көрікті ой", "Абай әлемі", "Жер судың аты-тарихтың хаты", "Ән саламын жаңаша".  Қатысушылар іс-шараны таныстыра отырып, мемлекеттік тілде мақал-мәтелдер айтып, Абай және басқа да қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды. Байқаудың ерекшелігі "төрт сурет бір сөз"атты жұмбақтар сериясынан сөз табу сияқты қосымша тапсырмалар болды. Біздің Гүлназ Жақия дипломмен және естелік кәдесыймен марапатталды. Құттықтаймыз!