24.09.2019 ж.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаев Кемелұлы Қазақстан халқына алғашқы жолдауын жариялады. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып, жастарға қолдау көрсетілуде. Жолдау «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деп аталады.
Осы орайда біздің №2 ОҒӘК-ның оқу зал бөлімінің «Белсенді жастар – ел тірегі» бағдарламасы аясында «Жолдау –жаңғырудың жаңа жолы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жолдаудың басты бағыттары туралы өз пікірлерін айтуға қаламыздың құрметті азаматы, өлкетанушы Байділдин Шөптібай, «Нұр Отан» партиясы Арқалық филиалының кеңесшісі Рахметов Жандос Ерғазыұлы, Жастар ресурстар орталығының басшысы- Ахметжанов Амангелді Серікұлы, Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығының әдіскері Муханбетжанова Жазира Мизамханқызы шақырылды. Жолдаудан әркім өз мамандығына, атқарып жатқан қызметіне орай игі істердің нәтижесін күтеді. Биылғы Жолдауда халықтың ойында жүрген мәселелерге арналған. Соның ішінде 2020 жыл – Еріктілер жылы деп жарияланды. Ендігі жылы бәріміз әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтетінімізді.
Сондай-ақ ең маңызыды мерекеге Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыруымыз қажет. Студенттер Президенттің жолдауы туралы өз ойларымен бөлісіп, ой-пікірлерін айтты.
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/581-zholdau-zha-yrudy-zha-a-zholy.html#sigProId969531af82