"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Отбасы - тәрбие бастауы

12.09.2019 ж.

 Елімізде 2013 жылдан бастап қыркүйек айының екінші жексенбісі  отбасы күнін және аналар күнін  атап өту дәстүрге айналды. Осы айтулы мерекеге орай №2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімінде "Отбасы-тәрбие бастауы"атты іс-шара өтті.

Мақсатымыз:  отбасы құндылығы туралы түсіктерін кеңейту, отбасының ұйтқысы - ананың рөлін маңыздылығын көрсету, ата-анасын сыйлауға тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, отбасылардың қоғамдық белсенділігін арттыру, жастарға  ата-аналардың ұлағаты сөздерін санасына сіңіру. Осы, біздің пікірлесу отырысына қаламызға сыйлы,ұлағатты,үлгілі, ұлын - ұяға,қызын -қияға ұшырып,қазіргі уақытта немере қуанышына бөленіп отырған аналарымыз өздерінің жүрек жарды ойларымен бөлісті. Атап айтсақ, зейнеткер ұстаз, ҚР білім үздігі, Еңбек ардагері, Арқалық қаласының «Аналар кеңесінің» төрайымы Қалтаева Бақытжамал Аяғанқызы, көп балалы ана, «Алтын алқа» игері  Аманбаева Күләш ана, «Күміс алқа»  мен «Алтын алқа» игері Қалмағанбетова Ләйлә анамыз, жаста болса «Күміс алқа» иегері , көп балалы ана Бекболатова Мәншүк және Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің мұғалімі, жас келін Гиссенова Анар және Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық Мемлекеттік Педагогика институтының 2-курс студенттері  қатысты.  Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралары мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасының тірегі, әлпештеген әке мен аялаған ана десек, ал отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке -  отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.  Сондықтан, бүгінгі отырыс  барысында ананың міндеті мен оған көрсетілер құрмет жайлы, қыз тәрбиесі, ене мен келін арасындағы сыйластық туралы сөз қозғалды. Экраннан бейнежазбалар тамашалап, кітап көрмесіне шолу жасалынды.