"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

05.09.2019.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы

      2019 жылдың қыркүйек айының 5 жұлдызында № 2  ОӘҒК-да Президент жолдауын талқылау отырысы болып өтті. Кітапхана қызметкерлері жолдауда көрсетілген жоспарланған жұмыстармен танысып талдауға ат салысты.

        Талдауда, Мемлекет басшысы қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігін беріп отырғаның, бұған біз Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе алатынымызды және қазір мемлекет органдары оны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстарын жүргізіп жатқандығы айтып өтілді. Күн тәртібінде кітапхана басшысы Борибаева Қазына Байсабекқызы жолдауға жалпылай сипаттама беріп, жолдаудың бірінші «Заман талабына сай тиімді мемлекет» бөлімін  Сейтқожина Гүлнар Кенжеғазықызы, екінші бөлімі «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету»  Әсел Тұяққызы, үшінші бөлімін «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика» Алматова Сауле Ахметқызы, төртінші бөлімін «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» Ибикенова Сая Қабылдақызы және бесінші «Қуатты өңірлер – қуатты ел» атты бөліміне кітапхана басшысы өз ойын қосып жолдауды қорытындылады. Барлығы әр бөліміне тоқталып, өзара талдау жасап, ой бөлісті. Талдау қорытындысы бойынша Н. Абаканова, Ә. Аубакирова, Л. Исабекова, Ә. Ахметжанова, Р. Грибовский және кітапхана директорының орынбасары Р. Жангалиева жолдау бөлімдері жайлы пікірлерін білдіріп, ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашатынына сенімдерін білдірді.