05.09.2019. ж.
2017 жылдан бастап елімізде 5 қыркүйек қазақ халқының ақыны, публицист, этнограф, ғалым, қазақ философиясының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынов атамыздың туған күніне орай Қазақстан Республикасының Тілдер күні болып бекітілді.
Осы мерекеге орай №2 ОҒӘК-ның оқу залы бөлімінде «Тіл – халықтың күретамыры» атты сайысымыз өтті. Бұл іс-шарамыздың мақсат- бабаларымыздан мирас болып қалған қасиетті тілімізді дәріптеу арқылы өз халқына , ұлтына сүйіспеншілігін арттыру, ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығын нығайту: ел болашағы қазіргі ұрпақ жастар өздері екендігін түсіне білуге, ана тілін құдіретін басқаларға жеткізе білуге үйрету. Логикалық ой - өрісін дамыту, тіл байлығын сөздік қорын молайту, ойлау дағдыларын жетілдіру. Қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы,ғалым Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға насихаттау. Сайысымызға Н.Құлжанова атындағы педогогикалық колледждінің 1 курс студенттері қатысты. Сайысымыз 5 кезеңең тұрды. «Кім жылдам?», «Салт дәстүр», «Сұрақ- жауап», «Кім тапқыр», «Тіл өнері». Оқырмандарымыз белсене ат салысып, өз білімдерін көрсете білді. Сондай ақ «Тіл тәуелсіздігі – ел болашағы» атты кітап көрмесі қойылды. «Ахмет Байтұрсынұлының тіл танымдық мұрасы», «Қазақ тіл білімінің мәселелері», «Тіл тағылымы» М. Серғалиев «Тілім менің – тінім менің» Әбдуали Қайдар «Тіл – ғұмыр» т.б кітаптар мен туған тілін сүюін, басқа ұлттардың тіліне құрметпен қарауға баулайтын журналдар қойылды.
Сонымен қатар, жерлес журналист-жазушы Жұмат Әнесұлының «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» атты кітабына шолу өткізілді. Бұл кітапта ұлт көсемі, ұстазы, теңдесі жоқ ғалым, ақын, журналист, Алаш қозғалысының қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың балалық шағынан бастап, қаралы 37-шы жылға дейінгі ғұмыры, шығармашылығы, ғылыми еңбектері, ел үшін сіңірген қайраткерлік қызметтері атап көрсетілген.
Қатысқан оқырмандар – 21 адам.