27.07.2019 г.
«Арқалық қ. №2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ ұжымы қала әкімі Э. Күзенбаевтың бастаған «Таза Қазақстан» экологиялық сенбілік акциясына қатысты. Акция барысында Арқалық қаласының саябақтарының аумақтары және Родина ауылының маңайы тазартылды. Сондай-ақ, күннің ыстығына қарамастан экологиялық акцияға кітапхана ұжымымен бірге әр сала қызметкерлері, кәсіпорындар мен мекемелердің ұжымдары қаланы қоқыстан тазартуға бар ынталарымен белсене ат салысты.

