"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Домбыра үні шарықта!»

05.07.2019 ж.

2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті

Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісі –

Ұлттық домбыра күні болып бекітілгені белгілі.

Аталмыш мереке жыл сайын өз жалғасын тауып жер – жерде аталып өтілуде. Арқалық қаласында өткен мерекелік іс – шараға қаланың мекеме басшылары, мәдениет қызметкерлері, өнер иелері және өнер сүйер көрермендер қатысты.

Қазақтың киелі домбырасын насихаттау үшін Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Домбыра - асыл мұра», облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасы «Ғасыр қойнауынан сыр тартқан» тақырыптарында кітап көрмесін, Облыстық «Дала өлкесі» тарихи мұражайы «Домбыра - қазақтың қазынасы» тақырыбында фото – суреттер көрмесін ұйымдастырды. Іс – шараға байланысты құрылған көрмелерді қала жұртшылығы мен қала басшылары аралап танысты.

Іс-шара жүргізушісі қазақтың қара домбырасы, оның көмейінен төгілген қоңыр күйі атадан балаға мирас болып осы уақытқа дейін келе жатқандығын, күй өнерінің ерекше дамыған өнер түрі екендігін түсіндіріп айқындап берді.

Өнер иелерін құттықтау үшін алғашқы сөз кезегі Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Т.Ғ.Әубәкіровке берілді. Құттықтаудан соң қаламыздың домбырашылар оркестрі  Құрманғазының «Балбырауын» мен Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін, «Қазына» ардагер ансамблі Хабидолла Тастановтың «Би», Нұрқанның «Жеңіс» және т.б. күйлері орындалды.

Қасиетті домбыра – қазақтың саф алтындай сақталған қазыналарының бірі.

Күй – қазақтың жаны. Күй әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі ғажайып дүниесі.

Бүгінгі іс – шара жоғары деңгейде өтті. Көрермендер қатысушы өнер иелеріне ризашылығын білдірді. 

Өтілген орны: Мұражай алаңы

Өтілген уақыты:  сағ. 15:00