"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Кітапхана жастармен бірге

12.06.2019 ж.


Тұңғыш Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы» - делінген. Осы киелі қара шаңырақта сақталған құндылығымызды қадірлеп, оны бүгінгі күнгі талаптарға сай жаңғыртып, келер ұрпаққа жеткізу бүгінгі күннің маңызды мәселесі болып табылады.


Осы орайда Елбасының сарабдал саясатын насихаттауда кітапхана қызметкерлерінің қосатын үлесі елеулі. 12 маусым күні қаламыздағы Облыстық №2 әмбебап  ғылыми кітапханасында әдістеме- библиография бөлімінің ұйымдастыруымен заманауи кітапхана жұмысын жүйелеп, іс-тәжірибе алмасып,  кәсіби байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Жастар тоғысы кітапхана кеңістігінде» атты аймақтық зерделі кеңес өткізілді. 


Аталмыш шараға аймақтардан Аманкелді, Жанкелдин, Арқалық ОКЖ және қаламыздағы Жастар ресурстық орталығы мамандары,  қаламыздағы оқу орындары кітапханаларының директорлары мен кітапхана қызметкерлері  қатысты.


Зерделі кеңес Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Мансия Кәрімқызының  21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай берілген ҚР Ұлттық кітапхананың  марапаттарын табыстау  рәсімімен басталды.


Кітапхана саласында көп жыл еңбек етіп жүрген кітапхана директоры Борибаева Қазына Байсабекқызы «Кітапхана ісінің үздігі» және  Жаңақала ауылының кітапханашысы Есмағамбетова Айткүл Әмирхамзақызы «Кітапхана ісінің ардагері» төс белгісімен, Жанкелдин ОКЖ кітапханашысы Батырова Венера Чапайқызы  мен Қайыңды ауылының кітапханашысы Қуанышева Гүлайым Оразқызы  «Құрмет грамотасымен» , Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының әдебиеттерді өңдеу және толықтыру секторының меңгерушісі Торғаева Асел Тұяққызы және Жанкелдин ОКЖ библиографы Нургазина Майра Бағдақызы «Алғыс хатымен» марапатталды.


Кеңесте жас кітапханашылар баяндама жасау арқылы өзіңдік іс-тәжірибелерімен бөлісті.   Арқалық жастар ресурстық орталығының басшысы Ахметжанов Амангелді «Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер кезеңі», Арқалық қаласы жастарының Алтын кітабына «Жастар көшбасшысы» номинациясы бойынша енген Арқалық  жастар ресурстық орталығының маманы Қияшов Дүйсен Қуанышбекұлы «Болашаққа – үміт, жастарға сенім», №2 ОӘҒК балалар бөлімінің кітапханашысы Ермағанбетова Марал Әскербайқызы «Ақпараттық қоғамдағы кітапхана шектеулі мүмкіндікке шекарасыз қызмет түрі» , Аманкелді ОКЖ-ның балалар бөлімінің  кітапханашысы Исмайлова Таншолпан Оразбековна «Бүгінгі кітапхананың жастармен байланысы», Жанкелдин ОКЖ-ның сұрыптау бөлімінің кітапханашысы Жанбосынова Дидар Дәулетқызы «Өркениетті елдің ертеңі»,  Арқалық ОКЖ балалар бөлімінің кітапханашысы Дүйсенбаева Қырмызы Шаттыққызы «Қазіргі заман жастарын тәрбиелеуде кітапхананың рөлі», №2 ОӘҒК абонемент бөлімінің кітапханашысы Көшкінбай Сымбат Муратқызы «Кітапхана – жалынды жастар орталығы», Арқалық қаласы жастарының Алтын кітабына «Жас ғалым» номинациясы бойынша енген Арқалық көпсалалы колледжінің студенті Өмірзақов Ерасыл Мейрамханұлы «Болашақ білімді жастар қолында» тақырыбында  баяндамалар оқыды. Одан кейін  «Кітапхананың болашағы жастарда» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, кітапханашылар кәсіби шеберліктерін ортаға салып, білгенімен бөлісіп өз ара ашық әңгіме болды. 


Зерделі кеңестің 2-бөлімінде кеңеске қатысушылар  Арқалық қаласындағы Облыстық «Дала өлкесі» тарихи мұражайына және  Арқалық орталықтандырылған кітапханасына саяхат жасап, аталған кітапхананың оқу залы бөлімінің кітапханашысы  Жанагүл Серікқызының «Ұлт келбеті - жалынды жастар» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесінің ашылу салтанатының куәсі болды. Кеңеске қатысушылар осы тағылымы мол іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.  Кітапханамызда осындай мәдени іс-шаралар әлі де өз жалғасын таппақ.