"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Зерделі ұлтқа бастар жол»
Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Зерделі ұлтқа бастар жол» тақырыбында жастар форумы өтті. Іс-шараның ашылу салтанатында форум қонақтары – «Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ басшысы Дәмет Есенжолқызы мен Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлхашима Қуандыққызы қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Форум қаланың белсенді жастарын ортақ диалог алаңында біріктірді. Талқылауға оқытушылар А.Б. Алимбаева мен С.Қ. Ыбырай; Жастар ресурстық орталығының психолог-маманы М.Қ. Жапарова; Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің студенттері Д. Тлешова, Н. Данабекұлы және Ә. Өтеғалиева; Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенті С. Сардар, сонымен қатар облыстық «Оқы және жең» жобасының жеңімпаздары П. Нұрлан, Г. Елдос, А. Елеубай қатысты. Кездесу барысында жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, рухани құндылықтарды дәріптеу және зияткерлік әлеуетті арттыру мәселелері талқыланды.