"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Қаламгер ойы – оқырман олжасы»
Арқалық қ. № 2 ОӘҒК «Кітап Lab» клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, айтыскер ақын, Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы басшысының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Батырлан Сағынтаевпен «Қаламгер ойы – оқырман олжасы» атты әдеби ой алаңы өтті. Жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық әдебиетті дәріптеуге бағытталған тағылымды кездесуде қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, алғашқы қадамына демеу болған тәлімгері, айтыс ақтаңгері А.К. Қалиев, ұстаздары А.А. Абдуллина, Ш.С. Әуезова, Б.Сағынтаевтың үзеңгілес досы, Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының басшысы Р.А. Терек жылы лебіздерін білдірді. Еркін форматта өткен сұхбатта отандық әдебиетте көтерілетін өзекті өмірлік тақырыптар, соның ішінде рухани-адамгершілік құндылықтар, әділдік пен адалдық ұғымдары талқыланды. Кеш соңында Ы. Алтынсарин атындағы университеттің білім алушылары – «Қауырсын» жазба ақындар ұйымының мүшелері қаламгер ағаларына арнау өлеңдерін оқып, өздерінің шынайы ықыластарын білдірді.