«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің шығармаларын насихаттау мақсатында №2 ОӘҒК кітапханашыларының ұйымдастыруымен Қазтұтынуодағының Арқалық көпсалалы колледжінде «Тағдыр мен тарих тоғысқан туынды» тақырыбында кітап талдау сағаты өтті. Шара барысында қатысушылар «Тағдыр» романының мазмұны мен негізгі идеясына тереңірек тоқталып, шығармадағы тарихи оқиғалар мен кейіпкерлер тағдырына талдау жасады. Оқырмандар тақырып аясында қойылған танымдық сұрақтарға жауап бере отырып, өз ой-пікірлері мен көзқарастарын ортаға салды.
«Тағдыр мен тарих тоғысқан туынды»





















