Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырған, әйелдер әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті қаламгер, ақын Мариям Хакімжанованың туғанына 120 жыл толуына орай Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттерімен «Өмірі мен өлеңі – өнеге» атты поэзия сағаты өткізілді. Іс-шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы жайлы бейнежазба көрсетілді, ана махаббаты және ерлік тақырыбындағы өлеңдері мен әйгілі «Мәншүк» поэмасынан үзінділер оқылып, ана тақырыбындағы әуезді әндер шырқалды.
«Өмірі мен өлеңі – өнеге»





















