"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Халық жадындағы қасірет

23.05.2019ж

Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімі 1929 - 1938 жылдар аралығында қазақ зиялыларын қисынынан құлатқан  31  мамыр – саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Халық жадындағы қасірет» атты ерлік сағаты өткізіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалынды.


Қайран, қазақ елі... Жас ұрпаққа айта алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен – көлдер, құм – шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған  ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата – бабамыздың қаны тамған топырақ иісі мүңкіп тұр.1937 – 1938 жылғы саяси репресиия құрбандары - елінің біртуар азаматтары еді... Олар елі үшін тер төгіп, еңбек етіп, шыбын жандарын қиды.."Халық жауы" деп сөккендері осылар еді. Сол жылғы саяси репрессия құрбандары Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин,Бейімбет Майлин, Халел Досмұхамедов , Әлихан Бөкейханов, Ілияс Жансүгіров, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Тұрар Рұсқұлов, Санжар Асфендияров, Темірбек Жүргенов, Жаһанша және Ахмет Байтұрсынов сынды әдебиеттер дүлділдері жазықсыз жан тапсырды.. Осындай рухты ағаларымызды  еске алмауға болмайды. Қазақ халқы деп шырылдаған ер жүректер мәңгі есімізде болмақ... Бұл күн қазақ елі үшін түбінде қайғы қасіреті жатқан қаралы күн. Әрбір қазақ баласы осы қайғы қасіретті ұмытпауы тиіс.


Мақсаты: оқырмандардың отаншылдық сезімдерін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу. Оқушыларды нәубет жылдарда жазықсыз жапа шеккен, сол бір қасіретті кезеңдерде қынадай қырылған халықтың өмір жолынан өнеге алуға  үйрету,  жас ұрпақты ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Нәубет жылдардың куәсі болған көнекөз қарияларымыз бен жазықсыз жапа шеккен жандардың ұрпақтарымен таныстыру.


Іс – шара барысында 1 минут үнсіздікпен  құрбандарды еске түсіріп, кітапханамыздың абонемент бөлімінің меңгерушісі Назира Нұрсұлтанқызы ерлік сағатымызды ашып, қысқаша репрессия туралы айтып,студенттерімізге алғыстарын айтты.

 

Сондай – ақ көгілдір экраннан бейнебаян көрсетіліп, студенттеріміз өз ойларын ортаға салып,  31  мамыр – саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне өткізілген кешімізге, кітапханамыздың қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Кешімізге Аркалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы торғай гуманитарлық колледжінің ІІ – курс студенттері қатысып, көптеген тарихи мәліметтер алып, ой - өрістерін кеңейтіп, рухани азық алып, білімдерін толықтыра алды.