"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Ғылыми-танымдық кездесу өтті

ОӘҒК №2 Конференц-холлында Абай атындағы ҚазҰПУ, «Айтылған тарих» ғылыми лабораториясының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Мырзатаева Забира Балабекқызы және осы лабораторияның жетекші ғылыми қызметкері Мирзакупова Раушан Маратқызымен ғылыми-танымдық кездесу өтті. Кең байтақ қазақ даласының әр төбесі – тұнған тарих, әр тасы – өткен күннің шежіресі. Кездесу ерлік пен өрліктің символына айналған қасиетті Торғай топырағының өр тарихы мен Әбдіғапар ханның өшпес бейнесін ұлықтауға арналды.

Іс-шараға Арқалық қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ғ.Аубакиров, Арқалық педагогикалық университеті Тарих және өнер факультетінің деканы Г.С.Конкина, қала ардагерлері мен тарихшы-ұстаздар, Әбдіғапар ханның ұрпақтары қатысты.

Кездесу барысында ғалымдар өздерінің Торғай тарихын зерттеудегі еңбектерін таныстырып, зиялы қауым өкілдеріне баға жетпес қазына – «Әбдіғапар хан Жанбосынұлы және оның әулеті» кітабын сыйға тартты.