"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Кітап оқитын ұлт»

«Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында Республика күніне орай ұйымдастырылып жатқан «Саған кітап арнадым» акциясы шеңберінде «Кітап оқитын әулет» бағыты бойынша марафонға қатысушы Жұмағалиева Меруерт Ғазезқызы Тимурқызы Арунаға Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» кітабын сыйға тартты. Акцияның мақсаты – Республика күніне орай ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, кітап оқу мәдениетін дамыту, оқырмандарға кітап сыйлау арқылы рухани қолдау көрсету және «Кітап оқитын ұлт» идеясын кеңінен насихаттау. Тәуелсіз еліміздің рухани дамуына үлес қосып, кітап пен білімді серік еткен ұлттың болашағы жарқын болсын!