"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Саған кітап арнадым» акциясы шеңберінде «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші»

Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапхана ұжымы «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында Республика күніне орай ұйымдастырылып жатқан «Саған кітап арнадым» акциясы шеңберінде «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» бағытында марафонға қатысушы Ануарова Маржан Ақылбекқызына Міржақып Дулатұлының «Қазақ тарихы» кітабын сыйға тартты.
Акцияның мақсаты – Республика күніне орай ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, кітап оқу мәдениетін дамыту, оқырмандарға кітап сыйлау арқылы рухани қолдау көрсету және «Кітап оқитын ұлт» идеясын кеңінен насихаттау.
Тәуелсіз еліміздің рухани дамуына үлес қосып, кітап пен білімді серік еткен ұлт болашағы жарқын болсын!