Торғай өңірінің музыка өнері мен мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті сазгер, өнерпаз, ұстаз, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Төкен Сауытбайұлы Елтебаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Торғайдың төл өнерін төрге шығарған тұлға» атты конференция өтті. Аталған шара аясында кітапханамыз «Сазында – сағыныш, әнінде – өмір» тақырыбындағы кітап көрмесін ұсынды.Көрмеге Төкен Сауытбайұлының өмірі мен еңбек жолы, шығармашылық мұрасы, ұлттық өнерді дамытуға қосқан үлесі туралы деректер мен фотоматериалдар қойылып, конференцияға қатысушылар мен қадірлі қонақтардың назарына ұсынылды. Өнердің өрісін кеңейтіп, Торғайдың мәдени шежіресінде өзіндік із қалдырған тұлғаның өнегелі жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі. Оның есімі мен рухани мұрасы халық жадында сақталып, ұлттық өнерімізбен бірге жасай бермек.
Торғайдың төл өнерін төрге шығарған тұлға






















