"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Даланың дара ұстазы

Қазақтың ұлы ағартушысы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай Н.Құлжанова атындағыТорғай гуманитарлық колледжінің студенттерімен «Даланың дара ұстазы» атты әдеби кейс өткізілді.
Іс-шара барысында Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық жолы мен білім берудегі еңбегі туралы кеңінен айтылды. Студенттер ұлы ұстаздың тәлім-тәрбиеге негізделген өнегелі әңгімелерімен танысып, шығармаларындағы адамгершілік, еңбекқорлық, адалдық, білімге құштарлық секілді құндылықтар жайында өз ойларымен бөлісті.