Арқалық қалалық Ардагерлер ұйымы мүшелері және №2 ОӘҒК қызметкерлерінің бірлесуімен Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектептепте, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, аға буын мен жас ұрпақтың арасындағы рухани сабақтастықты нығайту мақсатында «Кітаппен келешекке» атты әдеби ой алаңы ұйымдастырылды.
Кездесудің шымылдығын Арқалық қаласы Әжелер алқасының төрайымы Жанақбаева С.Қ. «Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы» атты баяндамасымен ашты. Шараға қаламыздағы Ардагерлер кеңесінің мүшелері Шаймов Б.М., Бейсенғалиев Ғ.Ж. және «Кітапхана ісінің үздігі», «Қазына» халықтық қорының жетекшісі Аубакирова Ә.Қ. қатысып, кітап жайлы тағылымды ойларымен бөлісті.
Рухани мұра жайлы өлең-жырлар оқылған басқосуда «Әдеби құпияны аш», «Дәлме-дәл орналастыр», «Шаңырақтан шыққан сыр» атты ойындар ойнатылып, «Ұрпақтар сабақтастығы» атты тренингпен қорытындыланды.
Кітаппен келешекке






















