"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Елдің көркеюіне қосар үлесім» ЖШС «ОЛВИ» 25 жыл

Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханамыздың оқу залы бөлімінде кәсіпкерліктің шыңына жете білген, жүрегінің кеңдігін білдірген, жанының жомарттығын айғақтаған "Алтын жүрек" номинациясының иегері атанған, қаламыздағы "ОЛВИ" жеке серіктестік шаруашылғының  Президенті Соколова Тамара Жәкенқызымен кездесу кеші өтті.


Кештің мақсаты: Оқырмандарға кәсіпкерлік және бизнес туралы түсінік бере отырып, кәсіптік бағыт - бағдар беру. Елімізге, қаламызға өз үлесін қоса білген, Соколова Тамара Жәкенқызының 60 жасқа толуына орай, өмірі мен атқарған қызметі жайлы мағұлмат бере отырып, ой бөлісу.


Кешіміздің қонақтары: Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің  басшысы Мәнсия Кәрімқызы, Атамекен  ҮХП филиалының директоры Касенов Бағдат Дүйсенбайұлы, Арқалық қаласының кәсіпкерлік бөлімнің басшысы Кубеков Асқар Батырханұлы, Арқалық қаласының құрметті азаматы, зейнеткер Констатин Ишутин,ақын-журналист Владимир Иванович Грунин, Н.Құлжанова атындағы торғай гуманитарлық колледжінің директоры Алматова Сандуғаш Орекенқызы, Тамара ханымның қызметкері Ташметова Роза және ұлы Соколов Виктор.


Кәсіпкер - кез-келген уақытта өз бетінше шешім қабылдайтын, жаңалықтарын белсенді түрде тез іске асыратын, барынша тапқыр, тәуекелшіл, жігерлі, төзімді, сенімді, жауапкершілікті адам. Осындай қасиеттер Тамара Жәкенқызының бойынан табылады.1970 жылдары  бір ауыз қазақша білмейтін, Ресейдің Чита қаласында туған Тамара Жәкенқызы «Бүкілодақтық комсомолдық құрылыс» атанған Торғай облысының орталығы Арқалық қаласына келеді. Торғай боксит кен басқармасында геолог болып қызметке тұрған көпшіл де іскер қыз сол кездің өзінде белсенділік танытып комсомол ұйымын басқарады. Содан бері осы Торғайдың суығына тоңып, ыстығына күйген жан.


Тәуелсіздік алған Қазақстанның сол бір қиын-қыстау кезінде әр жеке тұлғаның қолын босатып, өз тірлігіңді өзің де жасай біл деп отырған жаңа саясатты батыл қолдап, іліп әкеткеннің бірі - осы Тамара Жәкенқызы болды .


Тамара Жәкенқызының айтуы бойынша , әр бизнесте тәуекел болады. Алайда, тәуекелге бел бумасаң, өсу даму мүмкін емес.Бизнес тек бір адамға ғана пайда әкелмейді, ол қоғамға да өз әлеуметтік пайдасын тигізеді. Мысалы «ОЛВИ» жиырма бес жыл аралығында қаншама адамды жұмыспен қамтып , оған табыс көзі болды.  25 жылда талай асуды бағындырған Тамара Жәкенқызы бұл жолы да көздеген мақсатына жететініне кәміл сенеміз. Кештің  «Елдің көркеюіне қосар үлесім»  аталғаны да себебі осы еді. Болашақта да осы елдің, Яғни Арқалық қаламыздың көркеюіне үлесі көбейе берсін. Еңбегі жана берсін! - демекпіз. Кешіміздің куәгері болған Н.Құлжанова атындағы гуманитарлық колледжінің студенттері, бизнес саласын таңдаған жастарымыз Тамара Жәкенқызымен қимастықпен қоштасты. Кеш соңында Тамара Жакенқызына арналған  арнау өлеңдері оқылып, кітап көрмесіне шолу жасалып, слайд таныстырылды.