"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Оқу жайынан...

Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінде ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілі, мемлекет қайраткері, ағартушы, публицист Ғабдолкәрім Тоқтабайдың шығармашылық және ғылыми мұрасына арналған ««Оқу жайынан...» – Ұлт мұрасына тағзым»» атты әдеби-ғылыми іс-шарасы аясында, ұзақ жылдар бойы есімі де, шығармашылық еңбегі де ғылыми айналымнан шет қалған тұлғаның мұраларын насихаттау мақсатында «Алаштың ардақты азаматы – Ғабдолкәрім Досжанұлы Тоқтабай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Аталмыш көрмеге Ғ.Досжанұлының өнегелі өмір жолы мен өміршең әдеби мұрасы жайлы тың ақпараттардан тұратын кітапхана қорындағы әдеби мұралар мен басылым беттері қойылды.
Ғ.Тоқтабайдың ұрпақтарының қатысуымен өткен тағылымды кеште Алаш зиялысының «Оқу жайынан...» атты шығармалар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Алаштанушы, кітаптың жауапты редакторы Е.Тоқтарбай Алаш аманатын болашақ ұрпаққа таныту мақсатында жазылған еңбекті әзірлеу барысына тоқталып, кеш соныңда қолтаңба қойылған жинақты кітапханамызға сыйға тартты.