"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Абайдың сөзі – ақылдың көзі

10 тамыз — Абай күніне арналған іс-шаралар аясында №2 ОӘҒК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Абай аллеясында орналасқан қазақ халқының алтын тұғыры, ұлы кемеңгер Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. 
БАҚ өкілдері мен  қаламыздың белсенді жастарының қатысуымен өткен тағылымды шара ұлы ақынның рухына тағзым етуден басталып, Абайдың мол әдеби мұрасын насихаттаумен ұласты. Жиынға қатысушыларға «Абайдың сөзі – ақылдың көзі» атты кітап көрмесі ұсынылып, ұлы ақынның білімге, талапқа үндейтін өнегелі өлеңдерінен үзінділер оқылды.