"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Кітап оқы, қиялыңды ұшта

Арқалық қ. облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлері Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде «Kitap Time» фестивалін өткізді. Колледждің ІІ курс студенттеріне арналған «Кітап оқы, қиялыңды ұшта» тақырыбындағы Вook Talk    барысында жастар сүйікті шығармалары мен кейіпкерлері туралы ой-пікірлерімен бөлісті, сонымен қатар «Суреттен таны», «Мен жазушы болсам», «Кітап және әуен» сынды шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды. Вook Talk – жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, ойларын еркін әрі жүйелі жеткізуіне, әдеби талғамын қалыптастыруына және кітап әлеміне жаңа қырынан көзқарас қалыптастыруына мүмкіндік берді.