"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Кітап – әлемнің бесігі

Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру және көркем әдебиет арқылы олардың таным көкжиегін кеңейту мақсатында Балаларға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «KitapTIME-2026» фестивалі аясында «Кітап – әлемнің бесігі» атты кітап керуені ұйымдастырылды. Танымдық шараға №2 жалпы білім беретін мектебінің 4 «Ә» сынып оқушылары қатысып, кітап пен ертегілер әлеміне қызықты саяхат жасады. Шара барысында оқушылар түрлі қызықты тапсырмалар орындап, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынады. Атап айтқанда, «Адасқан әріптер» ойыны арқылы ертегі атауларын тауып, ребустар шешті, мақал-мәтелдер сайысына қатысып, шапшаңдықтары мен зеректіктерін көрсетті. Белсенділік танытып, әр тапсырманы қызығушылықпен орындаған оқушылар тәтті сыйлықтарға ие болды. Көңілді ойындар мен қызықты тапсырмаларға толы шара көтеріңкі көңіл-күймен, жарқын әсермен аяқталды.