«Kitap time-2026» V жалпы республикалық кітап фестивалі аясында ұлттық әдебиетті насихаттау және зияткер ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітаптағы өмір – өмірдегі шындық па?» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.
Еркін әрі тартысты форматта өткен шараға Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің Қб-11 тобының студенттері қатысты. Жастар APF үлгісінде ой өрбітіп, өз тұжырымдарын дәлелдеп, ерекше белсенділік танытты. Сайыс соңында спикерлерге алғыс білдіріліп, арнайы марапаттар табысталды.
«Кітаптағы өмір – өмірдегі шындық па?






















