"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Оқы, бөліс, шабыт ал!

V Жалпы республикалық  «KitapTIME – 2026» фестивалі аясында №2 ОӘҒК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Арқалық политехникалық колледжінде «Оқы, бөліс, шабыт ал!» атты квиз-шоу өткізілді.
Білім мен тапқырлықты қатар сынаған тартысты додада «Техник-электрик» мамандығының 1-курс студенттері өзара бақ сынап, «Әдеби блиц», «Кино білгірі», «Кадрдағы әуен», «Мұқабадағы құпия», «Жоғалған атаулар», «Әдеби детектив» атты 6 кезеңде өз білімдерін ортаға салды.
Әдебиет пен өнерді, кино мен әуенді тоғыстырған әр кезең жастарға жаңа біліммен қатар, ерекше көңіл-күй сыйлады. Сайыс соңында екі топтың ұпайы сараланып, өзара білім мен тапқырлықты ұштастырған жеңімпаз топ анықталды және қатысушыларға сыйлықтар мен марапаттар табысталды.