"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Жанымның жинағы

14 тамыз күні «Kostanay Book Fair» кітап жәрмеңкесі аясында Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Арқалық қаласындағы №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бірлесіп ұйымдастыруымен жас ақын Еркінғазы Айтбаевпен «Қанат қаққан қаламгер» атты тағылымды шығармашылық кездесу өтті. Кеш барысында ақынның шығармашылық әлемі кеңінен таныстырылып, қаламгердің «Жанымның жинағы» атты жыр жинағы оқырман қауымға ұсынылды. 
Еркін форматта өрбіген жүздесу барысында кеш қонағы  шығармашылық жолындағы алғашқы қадамдары мен әннің мәтініне арқау болған өлеңдері жайлы сөз етті. 
Кездесу аясында жас ақын өз туындыларынан жүрекке жылы тиер әсерлі жырларын оқып, оқырмандарға қолтаңбасы қойылған кітаптарын тарту етті.  Тағылымды басқосуды Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Сәния Серікқызы қорытындылап, жас қаламгерге жүрекжарды лебізін жеткізді.