"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Отбасы – бақыт ұясы

Балаларға қызмет көрсету бөлімі ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт ұясы» атты кездесу-сұхбат өтті. Шара аясында «Алтын әже» атағының иегері Байзакова Галия Бектаевнаның үйіне арнайы барып, отбасымен тағылымды кездесу-сұхбат өткізілді. Кездесу барысында отбасы құндылықтары, ұлттық тәрбие мен үлкенге құрмет жайында әңгіме өрбіді.