Балаларға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Кітап оқымаған адам – тамырсыз қаңбақ» атты оқу сағаты өткізілді.
Іс-шараға «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған күндізгі болу бөлімшесінің қызмет алушылары қатысты. Тағылымды сағаттың ерекше қонағы ретінде ертегі кейіпкері Қаңбақ келіп, балалармен бірге көңілді ойындар ойнап, бүлдіршіндерге тәттілер таратты.
«Кітап оқымаған адам – тамырсыз қаңбақ»






















