Балаларға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Балдырған А» бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндері арасында «Жазғы оқу бағдарламасының жабылуы» атты кітап FEST өтті.
Шараның мақсаты – бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттырып, жазғы оқу бағдарламасын мазмұнды әрі көңілді қорытындылау. Балалар түрлі ойындарға қатысып, ертегі кітаптармен танысып, шаттыққа бөленді.
Шара соңында белсенділік танытқан бүлдіршіндер мадақтамалармен марапатталып, тәтті сыйлықтарға ие болды. Көңілді жүздесу балаларға ерекше әсер қалдырды.
Жазғы оқу бағдарламасының жабылуы






















