«Құқықтық кеңістіктегі жастар дауысы»
№2 ОӘҒК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы қауіпсіздік пен жауапкершілікті нығайту мақсатында «Құқықтық кеңістіктегі жастар дауысы» атты жастар алаңы өтті. Аталмыш шарада қала жастары арасында сауалнама жүргізіліп, олардың құқықтық сауаттылық пен оның қоғамдағы маңызы жайлы ой-пікірлері тыңдалды.






















