"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Домбыра – ұлттық рухани мұра»

«Домбыра – ұлттық рухани мұра»

№2 ОӘҒК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ҚР IIМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің №41 мекемесінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – ұлттық рухани мұра» атты мәдени танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында «Күй құдіреті – ұлт қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, домбыраның ұлттық құндылық ретіндегі маңызы, күй өнерінің тарихы мен қазақ халқының рухани мұрасы кеңінен насихатталды.