"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Жаһандық көзқарас және тұрақты даму: кітапханалардың болашақты құрудағы рөлі»

«Жаһандық көзқарас және тұрақты даму: кітапханалардың болашақты құрудағы рөлі»

Көкшетау қаласында Қазақстан Кітапханалар Одағының «Жаһандық көзқарас және тұрақты даму: кітапханалардың болашақты құрудағы рөлі» тақырыбында кезекті көшпелі отырысы өтті.
Іс-шара барысында аймақтағы кітапханалар желісіне сапалы әдістемелік жетекшілік жасап, сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруда жоғары стандарттарды қалыптастырғаны үшін Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасы дипломмен марапатталды.
Аталған шараға кітапханашы Әмірхан Гүлзат Арманқызы қатысып, жас кітапханашылардың кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған үздік тәжірибелермен танысты.